Өлең, жыр, ақындар

1986 ж. Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы

І. Сабақтың тақырыбы: 1986 ж. Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасы туралы толық мағлұмат беру. Себебін, сипатын, барысын, маңызын түсіндіру.

Дамытушылығы: Балаларды демократия, бостандығы, тәуелсіздік туралы пікірлерін дамыту. Ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанын, халқын, тілін, дәстүрін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Бірлікке баулу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд.

ІV. Сабақ түрі: Экспедиция.

V. Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

VІ. Пәнаралық байланыс: Саз сабағы.

VІІ. Сабақтың жоспары:

1. Оқиғаның себебі мен салдары.

2. Сипаты, мақсаты.

3. Жүрісі.

4. Тарихи маңызы.

VІІІ. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: Сынып екі топқа бөлінеді.

  1. Зерттеушілер
  2. Желтоқсан жаршысы

2.

І. Бекет - "Жолға дайындықтар". "Блиц- турнир" ойын.

1. Қазақстанның Ресейге бодан, бағынышты болуы қашаннан басталды деп ойлайсыңдар?

2. Қандай ұлт-азаттық көтерілістерді білесіңдер?

3. 14 жылға созылған көтеріліс қай өңірді қамтыды?

4.С. Датұлы бастаған көтеріліс қай өңірде болды?

5. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдардың аралығында болды?

6. Кенесары кімнің ұрпағы?

7. Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс қай жылдары болған?

8. Бұл көтеріліс қай жерде болды?

9. Сыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы көтерілісінің жетекшісі кім еді?

10. 1916 ж. ұлт- азаттық көтерілістің шығуына нендей жағдай сылтау болды?

11. Махамбеттің бір өлеңінен үзінді айт

ІІ. Бекет "Тар жол, тайғақ кешу"

Картадан Алматыны көрсету. 1986ж. Желтоқсанда Алматы қаласында бүкіл КСРО-ны дүр сілкіндірген үлкен тарихи оқиға болды. Бұл оқиға неден бастау алып еді. Осы кезде Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев болатын. Суреті: Д.А. Қонаев -- (1912-1993ж) -- 1964-1962 ж.ж. -- 1964-1984ж.ж.- Республика басшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, үш мәрте -- Социалистік Еңбек Ері 1986ж. 16 желтоқсанда Қаз. Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Ол 18 минутке созылды. КОКП ОК хатшысы Г.П. Разумовский ұсынысымен Д.А. Қонаев орнынан алынды. Орнына КОКП-ң Ульяновск облысы комитетінің І хатшысы Г.В. Колбин тағайындалды. Бұл жергілікті халықтың ашу-ызасын туғызды. 17-18 желтоқсанда жұмысшы жастар мен студенттер Брежнов алаңына бейбіт шеруге шықты.

1. Себебі:

1. Орталықтың өктемдік әрекеттері.

2. Әкімшілікдік- әміршілдік жүйенің күшеюі. "Қуыршақ" республика.

3. Лениндік ұлт саясатының жүзеге аспауы.

4. 1954- 1986ж.- 600 қазақ мектебі жабылды.

5. Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы.

6. Экономикалық, саяси, әлеуметтік 3 жақты дағдарыстың күшеюі.

7. Экологиялық проблемалар.

2. Сипаты: Бейбіт шеру, саяси сипатта болды. Олар "Елім-ай", "Менің елім-Қазақстан" әнін орындап шықты. Қарусыз, тек плакаттар ғана болған. "Шовинизм жойылсын!" "Әр халықтың өз көсемі болсын." "Лениндік ұлт саясаты жасасын!" "Тоталитаризм құласын!" деген ұрандар ғана болған. Терминдермен жұмыс. Шовинизм- бір ұлттың екінші ұлттан артықшылығын дәріптейтін "Солақай саясат". Тоталитаризм- қоғамның жеке адамдардың өмірін деспаттық, әкімшілдік - әміршілдік мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық - саяси құрылыс.

3. Жүрісі: Ірі күштер оқиғаны тұншықтырады. Жаппай жазалау кең етек алды. Жазаланғандар 8,5 мың адам 2 адам - ату жазасына кесілді. 99 адам - айыпталып, бас бостандығынан айырылды. 83 адам - 1,5 жылдан 15ж.д. сотталды. 52 адам - партиядан шығарылды. 787 адам - комсомолдан шығарылды. 1138 адам - комсомолдық сөгіс алды. 271 студент - оқудан шығарылды. 1200 адам - ішкі істер министрлігінен жұмыстан шығарылды. 309 адам - ректор қызметінен алынды. Қайрат Рысқұлбеков - Совицкийдің өліміне кінәл" деп айыпталды. Лақап кінәлар тағылды. Ол - Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. Оны өлім жазасына кесті. Артынан 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қанша жыл жүрдік біздер бодан боп, Тарих қалды белгісіз бір жалау боп. Қайрат, Ляззат, Сабира мен Ерболдар, Есте қалды мұзға жанған жалау боп.

Берілген баға: Қазақ ұлтшылдығының көрінісі. 1989ж. КСРО халық депутаттарының І съезінде дарынды ақын М. Шаханов желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етті. Арнайы комиссия құрылды. Төрағасы М. Шаханов болды.

3-бекет "Қарлы боран" асуы. 2 топқа - Ізденіс сәті

1. Зерттеушілер - жинақталған материалдары бойынша сөйлеу.

2. Желтоқсан жаршылары - басқа да Желтоқсан құрбандары туралы қосымша материалдар бойынша сөйлейді.

4 - бекет "Мұздақ" асуы. Екі топқа тапсырма: Сіздердің желтоқсандықтарға құрметтерің. Ән "Қара бауыр қасқалдақ"

5-бекет "Шыңға шығу". Маңызын бірлесіп табу. Бағыт беру. Бұл желтоқсан оқиғасы нені көрсетті.

Қазақстан тәуелсіздігін 16 желтоқсан 1991 жылы алды. 22 қыркүйекте 1989ж. Тіл туралы Заң кқабылданды. 1986ж. 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды ақтау жөніндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы шықты. 1996 ж. 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы берілді.

А) 17 желтоқсан - Демократиялық жаңарту күні деп жарияланды.

Ә) 10 желтоқсан Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне орай Алматы қаласында зәулім Ескерткіш орнатылды: Тәуелсіздік монументі Желтоқсанның 20 ж орай жылы Алматыда жаңа монумент салынды. Ол "Тәуелсіздік таңы" деп аталады.

Қорыту: "Ой талқы" стратегиясы

1. Оқиғаның себебі.

2. Оқиғаның сипаты, мақсаты.

3. Жүрісі.

4. Тарихи маңызы.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ән: "Елім менің". Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Эссе: "Мен желтоқсан оқиғасының ортасында жүрмін".


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз