Күні: 25.11.2015 ж.
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік
Мақсаттары: Оқушылардың жеке, топтық жұмыстары арқылы сан есім тақырыбын меңгерту, өзіндік баға беруін қалыптастыру. Критериалды бағалау арқылы шығармашылық жұмысқа бейімдеу.
Күтілетін нәтиже:Топта жұмыс жасайды, ойын жинақтайды, түйінді пікірлер айтады, өзін-өзі бағалайды, жылдамдық пен тапқырлыққа талпынады.Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады.
Модульдері: АКТ, СТО, ОҮБ және ОБ.
Бағалау: Өзін-өзі, топтық , жиынтық.
Құрал-жабдықтар: тақта, бағалау парақтары, аудио әуен, тақырыпқа байланысты суреттер.
Әдіс- тәсілдер: «Миға шабуыл», «Жалғасын тап», «Кім жылдам?» (тыңдалым,айтылым, жазылым)
Сабақ кезеңдері |
Уақыт
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Күтілетін нәтиже |
||||
Білім
Миға шабуыл |
2 мин |
Тақырыптық суреттер. Терме тыңдату. |
Термені тыңдату, мазмұнын есте сақтату, қолдарындағы тақырыптық суреттермен байланыстырту |
Термені тыңдайды, мазмұнын ұғады, суретті қарай отырып сан есімге қатысты сөздердің көп қолданылғанын байқайды.
|
Ойын жинақтай-ды, тапсырма-ларды байланыс-тырады, болжам жасайды. |
||||
Түсіну |
2 мин |
Сурет және терме арқылы ойын жинақтап ережені айту, мысалдар келтіру.
|
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру,баға-лау парағымен таныстыру. Жауаптарын қабылдап, бағыт беру. Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Оқушы жауаптарын пайдалана отырып сан есім жайлы мәліметтерді тұжырымдау. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын дәлелдейді.
Топта талқылайды, ойын жинақтайды.
|
Сан есім туралы мәлімет алады, өздері ережесін түйіндейдімысалдар-мен дәлелдейді немесе өмірмен байланыс-тырады. |
||||
Қолдану |
5 мин |
105-жаттығудың құрамынан сан есімдерді теріп жазу, бағалау парағы арқылы өз ұпайларын есептеу
|
Кітаппен және дәптермен жұмыс жасатады. Жеке жұмыс жасату арқылы оқушының өздігінен білім алуына ықпал жасайды. |
Бәсекелестікке талпынады, ұпай жинауға тырысады , өз бетінше ізденеді, жаңа тақырыпты меңгереді, тіркестерін таба отырып білімдерін пысықтайды.
|
Ережені қолданадысан есімдерді ажырата-ды, тіркесі арқылы сөйлем құрауға бейімделе-ді. |
||||
Талдау |
3 мин
3 мин |
1.Жеке жұмыс «Мақалдың жалғасын тап» тапсырмасы
2.Топтық жұмыс «Сандардың сыры неде?» сол сандарға байланысты шығармашылық тапсырма
|
Әр оқушыға аяқталмаған мақалдарды беріп, сол мақалдан сан есімдерді таптыру.
Осы сандардың қазақ халқына жақындығы туралы айтқызу, басқа сандардан ерекшелігіне мән бергізу, осы сандарға байланысты мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру. |
Мақалдың жалғасын табады, әдебиетпен байланысты- рады, сан есімді ажыратады. Мақал арқылы өмірмен байланыстыра- ды, қолдануға үйренеді.
Бірігіп топтық жұмыс жасайды, мәлімет терді ұсынады, ойларын түйіндей ді, тұжырымды идея ұсынады. |
Шығармашылықпен айналыса-ды, жылдам-дыққа бейімделе-ді, ойын жинақтай-ды.
Шығармашылықпен айналыса-ды, бәсекелес-тікке талпынадыөз ойларын қызу талқыға салады.
|
||||
Жинақтау |
4 мин |
«Кім жылдам» Логикалық сұрақтар
|
Оқушыларға арнайы берілген сұрақтар арқылы сабақты жинақтауға бағыттайды. Сан есімді тапқызады. |
Сұрақтарға жылдам жауап береді, сан есімді анықтайды. |
Жылдам ойын жинақтай-ды, тез шешім қабылдай-ды |
||||
Бағалау |
1 мин |
Бағалау парағы |
Бағалау жолдары |
Ұпайларын санайды. |
Өзін-өзі бағалайды.
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі