Өлең, жыр, ақындар

Жол тәртібіне назар аудар

М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дайындаған: Ғаббасов Н.Д

Мақсаты: Оқушыларды жол жүру ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, ақпараттық көрсеткіш белгілерімен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, сұрақ-жауап арқылы жол жүру ережелерін еске түсіру арқылы жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау.

 

Көрнекілігі: жол белгілері (ескерту, тыйым салу, ақпараттық көрсеткіштік белгілер, алдын ала жазылатын белгілер), бағдаршамның макеті, сигналдық белгілер, түрлі түсті қағаздар, мазмұнды суреттер, жол белгілерінің қазақша-орысша және ағылшын тілдеріндегі атаулары жазылған плакат.

 

Әдістері: топтық жұмыс, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы.

І.  Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, оқушыларды топтарға бөлу.

ІІ.  Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу.

Үш көзді батыр тұрады,

Көшеде оның тұрағы. (Бағдаршам – светофор- traffic light)

       Оқушылар сонымен қатар өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта елімізде үш тұғырлы тіл саясаты өте жақсы дамып жатырғандықтан біз бүгінгі сабағымызда көше ережесіне байланысты кейбір маңызды сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтатын боламыз.

Көше –улица-street

 Жол-дорого-road

Ұшақ-самолет-plane

Қайық-лодка-ship

Автобус-автобус-bus

Көлік- транспорт-transport

Жер асты жолы- тунель- underground

Тоқта –стоп- Stop

Тура жүру-прямо-go straight on

Солға бұрылу-налево-turn left

Оңға бұрылу – направо-turn right

 

ІІІ.  Мағынаны тану.

1. Жол белгілері туралы суреттерді көрсету арқылы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

2.Топтық жұмыс.

Жол ережесіне байланысты мазмұнды суреттер таратылады. Әр топ суретке әңгіме құрастырады. Әр топтан бір оқушы сөйлейді.

1- топ. «Артығын тап» әр түсті дөңгелек қағаздардан бағдаршамға қажетсіз түсті таңдайды.

2-топ. «Ойлан да, жалғастыр» Айдостың добы жолға домалап кетті...

3-топ. Жандос жолдан өткенде ешқайда қарамай жүре берді, бірақ жолдан аман – сау өтті. Нені ұмытты? Не болуы мүмкін еді?

Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»

Тоқта! Дайындал! Жол ашық! Нұсқаулары беріледі. Әр оқушы қолындағы дөңгелектерді нұсқауларға сәйкес және тез көрсетулері керек.

ІV. Ой толғаныс.

Не білдік? Не үйрендік? «Бұл қандай белгі?»

Жол белгілерінің суреттерін көрсету арқылы  қандай белгі екенін оқушыларға айттыру.

V. Қорыту.

Балалар,сендер Тұманбай Молдағалиевтің  «Болар бала еді ол» деген өлеңін тыңдап көріңіздерші.

  Бұл өлеңде балалар, сендер кейбір жақсы оқитын оқушылардың көшеде жүру тәртібін сабақта жақсы біліп, өте жақсы жауап бергенімен былай шыға бере ұмытатынын, сондай оқушылардың бірі Арман қандай жағдайға ұшырағанын мына көріністен көресіздер.

(Оқушылар өлең желісі бойынша көрініс қояды)

Жаудыраған көздері

Қарақаттай қара  еді.

Ойлап айтар сөздерін

Ойшыл болар бала еді

Ара-бері өткенде

Бізге сәлем үзбейтін

Өзінен сәл үлкенді

«Сен»демейтін «Сіз» дейтін.

Әр жыл сайын оқудан

Мақтау қағаз   алатын

Оқығанын тоқыған

Болар бала болатын.

Өсе келе ғылымға

Жақын болар дейтін ем.

Жайнап өсер шағында

Ақын болар дейтін ем.

Жұртты аузына қаратқан

Ғалым болар дейтін ем

Аты әрбір тарапқа

Мәлім болар дейтін ем.

Көзіне жас сүзілді

Келе алмадым көмекке

Добын қуып көшеде

Жел болып ол ұшыпты

Машинаның астына

Абайсызда түсіпті

Өшіп қалған отындай

Жатыр бала сәл жанып

Ана байғыс аңырап

Айқайлап қатты жылады.

Бақыт лағып жамырап

Үй қаңырап бос қалды.

Әкесі кеп еңкілдеп

Екі иығы селкілдеп

Өксіп-өксіп жылады.

Арман  еді ұл аты

Лайық еді атына

Ата –анасын жылатып

Көзін жұмды қапыда

Одан бері зуылдап

Талай –талай жыл өтті.

Жасыл көше дуылдап

Қуантады жүректі.

Тұрды талай жаңа үйлер

Сәні болып қаланың

Туды талай сәбилер

Үміті боп ананың

Жыламасын аналар

Жас ұландар,өсе бер.

Сақ болыңдар ,балалар,

Сақ  жүріңдер көшеде.

 

Жолда жүріп үйрендік,

Жамандықтан жирендік.

Енді қорықпай жүреміз.

Сары жанса күтеміз,

Тоқтауды да білеміз.

Қызыл жанса тоқтаймыз

Машинадан қорықпаймыз.

Жасыл жанса жүреміз

Біз бәрін де білеміз.

 

- Міне оқушылар бұл көріністен көргендеріңіздей жолда жүру ережесін еш уақытта естен шығармауымыз керек екен.

- Осымен біз бүгінгі кешіміздіаяқтаймыз.

- Кешіміздің соңында біз сендерге жолда жүру ережелері жазылған суретті ескертпелерімізді тапсырамыз.


Пікірлер (2)

аружан

керемет сайт

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз