Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған....

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған....

Кештің мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, Білімділігі: Ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 
Тәрбиелігі: Ананы құрметтей, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өлеңді мәнерлеп оқуға, мағынасын аша білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: концерт
Кештің көрнекілігі :Қабырға газеті , гүлдер,шарлар,слайд, ұлағатты сөздер жазылған плакат, аналар туралы үнтаспа, оқу бөлмесі мерекелік безендірілді.

Кештің барысы

Күй ойнап тұрады, екі жүргізуші ортаға шығады.

 

1.Жүргізуші Али : Құрметті- асыл аналар,

                       Қадірлі- ұстаздар,

                                 Қырмызы қызғалдақ- қыздар!

     

2. Жүргізуші. Қайырлы күн, қымбатты ұстаз - аналар, арулар. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз

1. Жүргізуші:

Армысың, ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары.
 

2. Жүргізуші:

Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған

 1. Жүргізуші:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
 

Сөз кезеіңін 11 «Б» сынып жетекшісіне Еңсегенова Гүлжамал апайға береміз.

 

 

 

2.   Жүргізуші:

«Бала, бала, бала» деп,

Бізді өсірген анашым.

Гүлге толып, құшағың,

Бақытты бол, анашымдей отырып ән «Мама» орындайтын

 Жанболат пен Әлібектің

1.Жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Аяулы асыл аналар!

 

2. Жүргізуші:

Қамымды ойлар күн- түні,

Анам- менің көктемім.

Ақтай алсам, үмітін,

Арманыма жеткенім

Келесі кезекте Мұқағали Мақатаевтың өлеңі «Ана» орындайтын Торғын

 

1. Жүргізуші:

Аналар өмір жүрегі,

Балалар оның тірегі.

Өмір бойы аймалар,

Анамызды сүйеміз!

 

2. Жүргізуші:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз