Өлең, жыр, ақындар

Сарбаз

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4470
Бәрі, бәрі аяқ-қолы сау ұлдың
Перзенті боп октябрьдей дауылдың,
Шайқасатын
Бір-бір қылыш жонып ап,
Тақтайынан тақтай қоймай ауылдың.
Қаптаған ұл —
Үлкенің не?
Кішің не?—
Айқасатын миялы сай ішінде.
Өлгеніне қарамайтын «Уралап!»
Совет үшін,
Революция үшін деп.
Шұрқырайтын кепкен шыбық —
Атымыз.
Құласаңыз —
Тәртіп солай —
Жатыңыз!
Өлу үшін правомыз болатын,
Жоқ болатын жеңілуге хақымыз.
Тілейтінбіз, толысқанды, толғанды.
Майдан қылып сол төңірек,
Сол маңды,
Артық көрдік
Ақ генерал болғаннан
Чапаевтың жай сарбазы болғанды!
О-ой, не керек!
Ойын қызған шақтарда
Біз бөрідей тиюші едік ақтарға!
Ырза болмай Қадыр деген есімге,
Қызығушы ем Чапай деген аттарға.
Дауылдан соң,
Жаңбырдан соң,
Озонда
Түк қалмайды
Аппақ шаң да,
Тозаң да!
Қызыл болып —
Көзім жетіп жүр қазір —
Бостан-босқа шайқаспаппыз біз онда!
Жақсылықтың ұшқыны ұшып көзінен,
Қайтпайды ер бала күнгі сөзінен!
Мен өзімді
Революцияның
Әлі де
Бір кішкентай сарбазындай сезінем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Милостық Венера

  • 0
  • 0

МИЛОСТЫҚ ВЕНЕРАКеңдігі ме өмірдің,
Тарлығы ма?!
Ойлы көзге дүние жарлы мына.
Венераны көрген жан сене алмайды

Толық

Бұлт пен Қаңбақ

  • 0
  • 2

Күзгі дала көріксіз,
Құйын соғып есірді.
Қаңбақтарды еріксіз
Қуалады, көшірді.

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Сүйетіндей жер үсті
Суретші болсам ғой.
Айтарлықтай келісті
Адам жасай алсам ғой!

Толық