Өлең, жыр, ақындар

Эшелон

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1868
Ақ көңілді қара көз ем
Ауызданған көп аңызға.
Арқыраған паровоз ем
Жаңа келген депоңызға.
Біреуге арқа сүйенуден
Тула бойым түршігіпті.
Бәрін қойып,
Үйленуден
Бастап кеттік тіршілікті.
Дос-жаранды қимай қойды
Дастарқаншыл көңіліміз.
Бір вагонға сыймай қойды
Бірер жылда мебеліміз.
Мекен етіп құба белді,
Деп жүргенде өмір көрсек,
Бір вагон боп шыға келді
Үйге керек темір-терсек.
Кісі болсақ оқымаған
Көгере ме бұтағымыз!
Біреу емес,
Екі вагон
Болды жиған кітабымыз.
Жолын кесіп даналықтың,
Байлық аты заулап шабар.
Жайлауындай қалалықтың
Дача, яки бау-бақша бар.
Жұртқа жағар жырлағанда
Жігіттердің серкелігі.
Сыйса жақсы бір вагонға
Әйелімнің еркелігі!
Бір вагондай әулетің бар,
Бір вагондай қарызың бар.
Бір вагондай міндетің бар,
Бір вагондай парызың бар.
Әлі күнге түсінбедім,
Берді маған еншіні кім?!
Бар және де ісімдегі
Бір вагондай кемшілігім.
Бірер вагон
Түсінік пен
Жиналған көп менде шындық.
Бір вагондай кісілік пен
Бір вагондай пендешілік.
Күтетұғын жұрт елеңдеп
Өлеңім де — кіреші өлең.
Вагондарды тіркегенде
Болды бүтін бір эшелон.
Ашуланып,
Қыр көрсетіп,
Маған мұның артық демен.
Соның бәрін
Ырс-ырс етіп
Өрге қарай тартып келем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Терісқақпай

  • 0
  • 0

Өмір деген ұлы жыр
Серт болмады,
Өрт болды.
Жүздегі шал тірі жүр,

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Ақ күмбезді моласында
Аруақтарды бір аунатып,
Көне қазақ даласына
Келді көктем тыраулатып.

Толық

Дауыл

  • 0
  • 0

Таздай сыйпап сортаң менен тақырды,
Көк шалғынды ұйпа-тұйпа жапырды.
Кір-қоқысын жағалауға лақтырып,
Көк теңізді тай қазандай сапырды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар