Апыр-ай

Бұл бетте «Апыр-ай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2849
Апыр-ай!
Ішің қалай жылынбайды!
Себепсіз көңіл гүлі жұлынбайды.
Көргенде
Бізбен қоса,
Көзбен қоса
Көңілшек көз әйнектер жымыңдайды.
Мен талай барып көрдім,
Жазып көрдім.
Жүректің бар асылын қазып бердім.
Қуанып алдан шыққан жолаушыға
Фарлары жымыңдайды газиктердің.
Жетектеп немересін кәрі әжесі
Қыдыру —
Әр ауылдың ережесі.
Әр үйдің иесі түгіл,
Қонақ көрсе
Етеді жымың-жымың терезесі!
Сақалын малып сайдың бұлағына.
Ақ ешкі мекіренер лағына...
Құс қонса,
Шеңбер сызып —
Көл жымиып,
Жетеді екі езуі құлағына!
Жабағы бұлттар да жоқ алашабыр.
Жатқандай қонақ күтіп тамаша қыр.
Себепсіз
Өз-өзіңнен жымиясың;
Өмір де жымияды балаша бір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апыр-ай өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Апыр-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апыр-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апыр-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері