Өлең, жыр, ақындар

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2390
Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы,
Тоқтау айтып балаға жақ тынбайды,
Әкесінен гөрі де
Әумесерлер
Даладағы біреуді көп тыңдайды.
Кімге барып тағдырың шағынады?!
Адасып жүр жапанда бағың әлі.
Сені сынап,
Ал сенің жырларыңды
Көшіргенге
Біреулер табынады!
Дәрменсізді мықтыға,
Зорға балап,
Алдарында жүреміз жорғалап-ақ.
Құзғындарды жіберіп өз еркіне,
Әнші құсты ұстаймыз торға қамап!
Асылыңды тышқан жеп қоймадағы,
Жастығыңды жыл жейді...
Ойла-дағы!
Мәстектерін жіберіп ат жарысқа,
Арғымақпен кей жерде қой бағады!
Шаршап келіп тірліктен митыңдаған
Қариядай ән менен күй тыңдаған...
Ойлы басы қисайып оң жағына
Мұңлы көзбен қарайды итім маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрік ағашы

  • 0
  • 0

Қыс құтылып мойнындағы міндеттен,
Қашқан қарды күн сәулесі індеткен.
Жылдағыдан ерте босап арқамыз,
Жылдағыдан ерте келді бұл көктем.

Толық

Көктем түгіл

  • 0
  • 0

Көктем түгіл,
Қысың өтіп,
Қар кетіп,
Тозады екен мұз айдынның паркеті,

Толық

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап

  • 0
  • 0

Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап,
Сарғаяды сүмбіледе жыршы бақ.
Өмір деген— бірде көктем, бірде қыс,
Өмір деген — бір көлеңке, бір шуақ.

Толық