Тұрып қалған

Бұл бетте «Тұрып қалған» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2810
Тұрып қалған
Сияқты көне қымыз
Кермек тартып кетті ме өлеңіміз.
Айту үшін шындықты
Орағытып
Жердің түбін айналып келеміз біз.
Ыза-кекке кеткенде өзек толып,
Қадалатын ақынның сөзі оқ болып.
Ақымақ демей
Енді біз
Есек дейміз,
Кеткенбіз бе бәріміз Эзоп болып?!
Айттық екен шындықты, туыс, құпта!
Сол үшін біз керістік,
Ұрыстық та.
Бояймыз кеп,
Бояймыз ақиқатты,
Косметика не керек дұрыстыққа?!
Әділдіктен бойыңды ала қашып,
Сылп еткізіп ерніңді жаламашы.
Орай берме сыртынан,
Шындық — сәби,
Әдемі ғой сәбидің жалаңашы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрып қалған өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тұрып қалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрып қалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрып қалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері