Не қиындық кездессе де жолыңда –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Не қиындық кездессе де жолыңда» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не қиындық кездессе де жолыңда
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында.
Он арудың бірі сені сүйеді,
Ең сұлуы емес бірақ оның да!
Не қиындық кездессе де жолыңда
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында,
Он дарынның бірі ғана өседі,
Ең күштісі емес бірақ оның да!
Не қиындық кездессе де жолыңда,
Бәрі, бәрі ұлы өмірдің қолында.
Он ойыңның біреуі іске асады,
Ең керегі емес бірақ оның да!
Жалғыз ғана сен емессің қоғамда,
Жалғыз ғана мен емеспін қоғамда.
Онның бірі — мыңның бірі емес қой,
Шүкір де, дос!
Шүкір де, дос, оған да!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі