Тарылып ой тынысы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тарылып ой тынысы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3551
Тарылып ой тынысы,
Шабыт демі,
Қала ма қазылмай-ақ бақыт кені?!
Қас қағым өткен сайын
Қыл бұғаудай
Барады буындырып уақыт мені.
Бәсеңдеп жүрек-жырдың жақсы ырғағы,
Орындап үлгерем бе тапсырманы?!
Апыр-ай жаман екен,
Жаман екен
Ғұмырдың шуығаны,
Апшырғаны!
Даңқ па?
Ол ғасыр мен жылдар ісі.
Болса ғой адамның тек бұлдар ісі.
Барады көз алдымда апшып, шуып
Бальзактың, беу, шегірен былғарысы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарылып ой тынысы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тарылып ой тынысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарылып ой тынысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарылып ой тынысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері