Не қалады?

Бұл бетте «Не қалады?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3445
Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?
Қалады тек қи ғана
Қотандарда
Қойлар өрген,
Ешкі өрген.
Не қалады?
Тас қалады таулардан.
Қурап кеткен бас қалады жаулардан.
Не қалады?
Қалады тек арамшөп
Бір кездегі бақша менен баулардан.
Не қалады?
Тат қалады темірден.
Не қалады?
Күл қалады көмірден.
Сондықтан ба,
Бәрі керек болғанмен,
Көп алуға құмартпадым өмірден.
Екі қолды жылы суға малуға
Үйренбедім,
Үйренбедім әлі «уға».
Өзгелердей
Ағыл-тегіл өмірден
Алам десем болар еді алуға!
Сайтан айтқан сайқал сөзге сенем бе?
Байлықсыз да бағалымын мен елге.
Мен қаншалық алсам жомарт өмірден,
Сонша алады сараң өлім менен де!
Уақыт әлі сылып көзден шеліңді,
Шығарады кеудедегі желіңді.
Ертегі айтып,
Шеһаризада сияқты
Алдарқату мүмкін емес өлімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не қалады? өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Не қалады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не қалады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не қалады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері