Өлең, жыр, ақындар

Таусылғанмен азаматтың амалы

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3465
Таусылғанмен азаматтың амалы,
Тіл таба ма санасыз бен саналы!
Бейбіт күннің өзі майдан деп едім,
Сол сөзімнен қайтқан жоқпын мен әлі.
Сондай тыныш мекендер мен қоныстар,
Қолыңда да қару-жарақ жоқ ұстар.
Қарағанда бірақ өмір-майданға
Соз емес-ау үш жүз жылдық соғыстар!
Айрылып аға менен ападан,
Өледі осал құса менен қападан.
Бір өмірдің ішінде өзі екі өмір,
Бір адамның ішінде өзі екі адам.
Тіршіліктің тазарт бетін опадан.
Түсінесің сонда өлгенді қападан.
Басқа түгіл,
Бітіспейді өзара
Бір адамның ішіндегі екі адам!
Жедді түгіл, шілдеде де бар ызғар,
Жақсыларды жатқызбайды парыздар.
Жайсаңдарды көздеп тұрып,
Жүректен
Жаралайды,
Жаралайды арыздар!
Адам болсаң,
Ар алдында есеп бер!
Ұйқы қашып,
Құлазиды төсектер.
Түнгі оқтардай
Құлағыңның түбінен
Әрлі-берлі зуылдайды өсектер.
Ер боп тусаң,
Міндетіңді бір өткер.
Басып қалған арман қарын күреп көр.
Инфарктар — қойып кеткен динамит,
Дивандарда жарылсын деп жүректер.
Қорамсақта жебең бітіп,
Жақ сынып,
Қинар мүмкін жоқшылық пен тапшылық.
Біз жеңеміз бұл майданда бәрібір,
Біз жеңеміз,
Біз, яки, жақсылық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бегемоттың терісі

  • 0
  • 0

Бар досым да,
Әрине, бар қасым да.
Талай-талай түнедім жар басында,
Шыдамасқа шыдадым,

Толық

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен

  • 0
  • 0

Талай-талай жүріп көңіл шөлімен,
Асып келем жырдың асу, белінен.
Ерінім де тілім-тілім жарылды
Қызғаныштың күйіп тұрған желінен.

Толық

Сары парақ

  • 0
  • 1

Дүбірлеткен далада,
Қыраттарда
Қызығамын құлан мен құр аттарға.
Қызығамын

Толық

Қарап көріңіз