Тоқта, жолдас!
Бұл бетте «Тоқта, жолдас!» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін.
Өткізе алмай
Өміріңнің артығын
Жүрсің бе сен!
Қалай-калай басасың?
Тоқта.
Байқа.
Ойла...
Қателесесің.
Ал кеп қалды
Автобус пен трамвай!
Тоқта, жолдас!
Тәртіп бұзба!
Тұр былай!
Саспа босқа,
Қақтықпа да аптықпа!
Өз-өзіңе ойлайтының
Қастық па?
Heгe сонша
Ентелейсің елеуреп,
Сыбағаңды қоятындай біреу жеп?!
Көше түзу,
Сен де түзу жүрсеңші,
Трамвайға
Жанжалсыз-ақ мінсеңші!
Жыртасың ғой
Жолдасыңның киімін,
Жұлқылама,
Ауырттың ғой иығын.
Байқасаңшы,
Бастайсың да жанжалды,
Жинайсың ғой
Берекесіз «базарды».
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін!
Өткізе алмай өміріңнің
Артығын
Жүрсің бе сен?
Ойла, болса ақылың!
Сақтасаңшы
Өміріңді,
Жарқыным!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі