Өлең, жыр, ақындар

Қобда өзен

Қобда өзен ғасырлардың куәсі,
Күміс шықтар көк майсаға сән берген.
Тарихты өткен..
Білгің келсе сұрашы,
Сырласатын ғашықтарда сан келген.

Толқындарың парағындай тарихтың,
Жылдар қалды тауқыметті жағаңда.
Етігімен су кешетін,
Ғайып күн..
Кеуіп қалған жасты шәйіп жанарда.

Таудан құлап жылжығандай.. Бүгіннен,
Сан жүз жылдар кең даламды суардың.
Жағалауда...
Балаң едім, жүгірген,
Өмір сырын ұғалдым.

Жағалауда қиқу салған құстардан,
Тауып ұшты талай талант қиясын.
Айбынынан көбік шәшіп сұстанған,
Қалам толғар..
Тауысыпты сиясын.

Ашуланып ақ моншағын айға атып,
Шапалақтар жар тастарды,
Алып тым..
Жуастығы.. салым ағар жәйлатып,
Сыр ақтарған сылдырымен,
Байыптым..

Сұлулықты сенен сыйға ап,
Бір ару..
Сырғасында күн күлген.
Асаулықты..
Жуымаған құлазу,
Сенен ұқтым,
Білдім мен.

19.05.01



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуаныш

  • 0
  • 0

Өр Алтай, Алтай арасы
Бабалар салған із.
Өрікті, Қанас көш
Ұрпақға қалды аңыз

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Бұл бес күнге Өмір деп аталатын,
Келмегені адамдар мінсіз болып.
Жастық жалын өшеді оталатын,
Көктемгі гүл қалады үнсіз солып...

Толық

Қарап көріңіз