Әгугәй – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әгугәй» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3582
Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме боз жорға қазған орға, әгугәй. (2 рет)
Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.

Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау,
Нелер келіп бұл басқа, нелер кетті, әгугәй. (2 рет)
Арада өткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау,
Хабар айтып жіберсең нең кетеді-ай, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Қыз Жібек енді келгенше,
Иіліп сәлем бергенше.
Даяр етіп қоялық,
Салдырып сарай өзгеше.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері