Айым-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Айым-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3363
Ағынан да алманың көгі жақсы,
Барынан да жаманның жоғы жақсы.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,
Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Осы ауылда кім жаман, құрбым жаман,
Көн етігін кие алмай тойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері