Ақ жайқын көл – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ жайқын көл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2350
Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері