Ахау, сабаз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, сабаз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3187
Жұрағат, өлең айт деп нұсқадың ба-ай,
Айтушы ем сізге түгіл дұшпаныма-ай.
Жаныңа бағалатсам жан жетпейді-ау,
Жетеді кім жақсының мысқалына-ай.

Ей,
Ахау, сабаз,
Ұшырдың ұясынан балапан қаз.

Белаша, Көксу, Арғат, Алтынтасым-ай,
Инықты, бұлт шалған салқын басын-ай.
Тоғыз күн тоқсан келін толғатсадай-ау,
Білемін дәл өзіңдей жан тумасын-ай.

Ей,
Ахау, сабаз,
Ұшырдың ұясынан балапан қаз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері