Бірге жүрген таныс-ай

Бұл бетте «Бірге жүрген таныс-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3377
Бос қопаның құрағы-ай,
Жанып тұрған шырағы-ай.
Елден алыс барамыз-ай,
Қай жер мекен тұрағы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қара мекен туған жер,
Күнде думан болған ел.
Туған жерден дәм айдап,
Кетті-ау алыс біздің ел.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Бос қопаның қамыс-ай,
Әттең, жердің алысы-ай.
Көзге ыстық көрінер,
Бірге жүрген таныс-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қаракердің шабысы-ай,
Аяғының шалысы-ай.
Барар едім сан рет,
Әттең, жердің алысы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірге жүрген таныс-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Бірге жүрген таныс-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірге жүрген таныс-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірге жүрген таныс-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері