Бөпем – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бөпем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1735
Ай, Бөпем, әсем басып, ахау, бұлаңдаған,
Аққудай көлде жүзіп, ай, сылаңдаған.
Көлбеңдеп көз алдыма, ахау, әй-әй, Бөпем,
Келбетің сәуле шашып, тұрау маған.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?..

Даусым, Бөпем, әнге а-хау ырғалады,
Күй толқып, көкейімде, ай, жыр жанады.
Шырқатып Бөпем әнге, а-хау, салғанымда,
Бал болып жүрегімде, ай, сыр қалады.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері