Гауһартас – Сегіз сері

Бұл бетте «Гауһартас» атты Сегіз сері жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 17439
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Беу-беу, гауһартас,
Құсни құрдас,
Раушан жүзің көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Беу-беу, гауһартас,
Құсни құрдас,
Раушан жүзің көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп, шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Беу-беу, гауһартас,
Құсни құрдас,
Раушан жүзің көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гауһартас өлеңінің авторы кім?

Сегіз сері — осы өлеңнің авторы.

Гауһартас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гауһартас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сегіз сері өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гауһартас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері