Дедімай-ау

Бұл бетте «Дедімай-ау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 4
  • 23787
Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау,
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
Дедімай-ау.

[Қайырмасы]
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
Дедімай-ау.

[Қайырмасы]
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.


Пікірлер (4)

Меніржан

Өте күшту

Назым

Мен білім аламын

Назым

Мен білім алғым келеді

Майра

"Дедімай-ау" – қазақтың халық әнінің мәтіні екен. Осы өлеңді іздеп жүр едім, мінеки таптым. "Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ" деп басталуы-ақ қандай әдемі! Сұлулықты, махаббатты сөзбен қалай нәзік суреттеген. Әсіресе "Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау" деген қайырмасы өте орынды теңеу. Бұл әнді әжем жиі айтатын, бала кезім есіме түсті. Мәтінін сақтап алдым, енді өзім де айтып жүремін. Рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дедімай-ау өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Дедімай-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дедімай-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дедімай-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері