Дуай, дуай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дуай, дуай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 2
  • 5696
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар ауылдың,
Балпаң, балпаң үйіне
Бұрала барып түс, бөпем!
Қымызынан іш, бөпем!
Қымызынан ішпесең,
Қызын ала қаш бөпем!
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем!
Кекеңдесе жеңгесі
Жынға басын тық, бөпем!
. . . . . . . . . .
Дуай, дуай, Кемелім,
Күнітайым қайда екен?
Саятайым қайда екен,
Асқар-асқар тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан кәнеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан кәнеки?
Жаңа барып жүр екен.


Пікірлер (2)

Админ

Рахмет саган

Мейрамбек Мерей

Бесік жыры

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері