Бұл бетте «Тұраптың ұсынысы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
12.04.2020
0
1
2279
Ет астық бiз, пiсiрдiк,
Табаққа оны түсiрдiк.
– Алыңыз, – деп, – алыңыз, –
Жемек болдық бəрiмiз.
Жайнап кеттi көзiмiз.
Тамсанамыз өзiмiз.
Ыстық екен бiрақ та,
Оған шыдар Тұрап па:
– Киiп алып қолғапты,
Жейiк те, – деп ол жатты.
Ерсайын
Тақпақ