Өлең, жыр, ақындар

Солға марш

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 709
Маршқа лап бет бұрыңдар!
Жол жоқ былшыл сөзге қазір,
Араторлар, тек тұрыңдар
Сөз сіздікі Жолдас Маузер.
Жетер, еріп өмір сүру, –
Адам, Хауа салған жолға.
Қырсау тарих көк шолақты
Қуамыз біз салып алға.
Солға! Солға! Солға!
Ой, кек жасыл көйлектілер!
Желге
Кере желкен кетер!
Океандарға құлаш серме!
Яки, –
Бронь киген кеме
Тұмсығы өткір тірелді де
Мұқалды ма, тиіп жарға
Мейлі,
Талқан етіп тәжін
Арыстаны Британның
Ұли берсін атып жалын,
Жеңілмейді ер коммуна.
Солға! Солға! Солға!
Анда,
Таудың аржағында,
Шомған елде мұңға, зарға
Құлазыған күнгей жаққа,
Аштық үшін, Қорлық үшін,
Миллион ізін мөрдей ғып бас,
Теңіздерден асып атта!
Мейлі, онда банды жалдап,
Қоршаса да қаулап аңдап,
Құрсанса да болаттана, –
Көнбес Россия Антантаға.
Солға! Солға! Солға!
Қыран талмас қарап алға,
Бізді ескілік бұралар ма?
Ал әлемді кеңірдектен
Пролетар, қолмен өктем!
Кеуде кере ұмтыл алға!
Көкті қаусыр жалауларға!
Кімдер анау басқан онға? –
Солға! Солға! Солға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүттен тамған дәм

  • 0
  • 0

Кешегі майдан дауылды
Жылдарда, келіп досқа мен,
Дүрлігіп тұрған айылды
Көрген едім Ошта мен.

Толық

Алатау

  • 0
  • 0

Алатау, шың-құзыңнан
Самғап өстім, салып ән,
Қасыңда тұрсам қызығам,
Алысқа кетсем сағынам.

Толық

Мұнай

  • 0
  • 0

Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.

Толық

Қарап көріңіз