Советтік паспорт туралы өлең
Бұл бетте «Советтік паспорт туралы өлең» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
Мен қасқырша
Мытар ем
Төрелікті
Мандаттарды
Құрметтеу
Жоқ-ақ әлі.
Өзге
Қағаз біткендер
Жоғал тіпті
Сайтан алсын дер едім
Ал мынаны...
Бойын өрлей
Купе мен
Каюттардың
Чиновник маңызданып
Жүріп келді.
Жұрт паспортын –
Берді оған
Мен де бердім –
Өзімнің
Нарттай қызыл кінежкемді.
Кей паспортқа –
Қарайды тыжырынып,
Мысалы алды
Құрметтеп
Бір паспортты
Қос арыстан басы бар
ағылшындық.
Жаутаң қағып,
Бас иіп,
Жаны қалмай,
Ізет тұтып
Алдында игі ағаның,
Кәдімгі бір
Шай-пайлық теңге
Алғандай,
Паспортын
Алды келіп американның
Афишаны көргендей
Ешкі үңіліп,
Польшаның
Паспортын да ашты келіп,
Ашты да,
Көзі тіпті шықты ұядан
Қайдағы
Бұл жаңалық? –
Деп ойлады
Піл сықылды
Полицей сұсты жаман:
Қылша мойны
Бұрылмай қатып қалған,
Ілтипатсыз
Қалыппен
Селт етпеген, –
Алды
Лезде
Паспортты датчандардан, –
Тағы
Әртүрлі
Әне бір
шведтерден.
Кенет –
Шошып түскендей
Отқа күйіп,
Аузы-басын қисайтып
Тақсыр тұрды.
Бұл господин чиновник
Алды келіп
Менің
Қызыл тері тыс
Паспортымды.
Алды
Бейне – бомбадай,
Я, кірпідей, –
Паспортымды
Қос жүзді
Ұстарадай.
Паспорт
Оған Жеті бас
Улы тілді
Көрінді
Екі метр оқ жыландай.
Берді ишарат
Ым қағып
Жүкші көзі, –
Жүк тасыған
Бон жүріп
Жай жанында.
Жандарм
Десе –
Тыңшы
Нені сезді,
Тыңшы қарайд
Ақырын жандармға
Мәз болар ед
Жандарм
Қинап қатты
Ұрып-соғып
Тепкілеп
Маған қас қып, –
Болғандықтан: –
Қолымда
Балға, орақты
Айбыны зор
Советтік қызыл паспорт.
Мен қасқырша
Мытар ем
Төрелікті.
Мандаттарды
Құрметтеу
Жоқ-ақ, әлі!
Өзге қағаз
Біткенде
Жоғал, тіпті –
Сайтан алсын дер едім
Ал, мынаны...
Мен шығарам
Кең қалта шалбарымнан
Дубликатымды
Ең асыл,
Ең қымбатты,
Көріңдер
Күндесеңдер, күйініңдер.
Мен
Совет Одағының –
Азаматы.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі