Бар дауыспен
Поэманың бірінші кіріспесі
Құрметті
жолдастарым, ұрпақтарым!
Ақтарып
қатқан көнін
бүгінгінің, –
Біздің күннің талдап бар тамтықтарын
Сұрарсыздар
жайымды
мүмкін менің.
Айтар мүмкін,
білімдің көп оқыған
Жауап беріп сұраққа
бастан асқан.
Қандай өзі ақын деп
жалындаған,
Дүмбілездеу жандарға
болған дұшпан.
Профессор:
велосипед – әйнегіңді сыпырып
шапшаңырақ
Жұл көзіңнен!
Өзім айтам
Заман мен
Өз жөнімнен.
Мен, Ассенизатор
Жана да су тасушы, –
Революция бұйырған
ұстап жолын
Майданға кеткем
паңдық бақшасынан
Поэзияның –
Әйелдей өскен шолжың.
Қыздай
Бақшам
сұлу алаң
«Өзім бақша отырғыздым,
Өзім оны суарам».
Кім өлеңді шүмектеткен
Я, аузынан
сіркіреткен
Күлте шашты Митрейкелер4
Мүдірмейтін Күдрейкелер
Кім екенін жын біледі!
Тосқауылсыз бұл дүрмегің
жаңғыртып құр жарын үйдің
Дыңғырымен мандалиннің
Міңгірлеген –
«дың-дың, дың-дың...»
Абырой ма бұл,
Осындай гүлдерден тез
Аулақ бол да –
тілегім, тезірек без;
Күркілдеген
бақшада
– көксау менен жұқтырмауға
Салдақы жаннан мерез...
Сізге
романс
болар ед жазуыма, –
Агитпроп
күш берді
азуыма,
Ол болар ед
пайдалы
Әдемі де,
Бірақ көніп
тоқтаттым өзімді-өзім.
Қақпақ болып
жырымның көмейіне.
Тыңдаңдар,
жолдастарым,
ұрпақтарым,
Өр дауыс
үгітшіңді –
бастаушы өрден!
Поэзия тасқынын
Тұншықтыра
Аттаймын
лирикалы томдардан мен,
Тірі адамдай
сөйлесіп тірілермен
Келем сізге
Коммунистік қашықтағы,
Бірақ
болмас келуім – келісіндей
Есенинше сырлы жыр серісіндей.
Жырым жетер
қырынан ғасырлардың
Үкімет пен басынан ақындардың
аттап етіп құлашын кере
сермей.
Менің жырым жетеді, –
жетпейді жай –
Амурлы5 құмарлықтың жебесіндей;
Жетпейді ол
Бедерсіз бес тиындай,
Яки, сөнген –
жұлдыздың сәулесіндей.
Жырым күшпен
Жылдардың шыңын бұзар, –
Жетер
айқын дүр
батпан қорғасындай,
Келген бізге
тұрбадай су ағыза, –
Құлдар құрған
Римнің трубасындай!
Жырды көмген
Кітаптар обасынан
Темірдің сынығындай абайсыздан
Кездескен өлең жолын – тауып қарап,
Тұрарсыз
Құрметпен сіз
қарап соған.
Табарсыз қаруды ескі
Сұсты бірақ,
Сыпайы сөзді тыңдау
емес дағдым,
Кей сөздер
балағаттау болса дағы –
Түрілген бұйраланып бұрымдағы
Ұялып
қызармайды
қыз құлағы
Өлең жолын
әскердей тізіп тастап,
Алдарынан өтемін
мен ойқастап.
Қорғасындай
Салмақты айбатты жыр –
Өлімге де ерлікке
қайралып тұр.
Поэмалар сіресіп,
сап тіркесіп,
Тұр кезеніп
Көздеген мақсатқа асқақ!
Қарудың сүйіктісі –
қолға алатын
Ұмтылар қиқу шықса тілеп айқас,
Өткір сөз – атты әскердің
қыл қабатын
Тұр дайын қылышындай
жырдағы ұйқас.
Күллі азулы
қарулы күшті қолдың –
Жиырма жыл жеңісте өткен
бәрін тағы
Ең соңғы бетіне шейін өлеңімнің
Берем саған –
планета пролетары!
Зор
пролетар тобына
болса кім жау, –
Сол – маған да –
өшіккен жау бұрыннан.
Қосты астында жүруге қызыл жалау
Еңбек еш боп еткен шақ
тойынбаған.
Аштық біздер
Маркстың
әр бір томын,
Терезедей үйренген
күндегі ашып,
Оқымай-ақ
жазғанын ұқтық оның
Білдік қалай жүруді
неге айқасып.
Диалектиканы
Оқымадық біз Гегельден;
Диалектика жырға енді майданда
ашық,
Оқтан біздің қашып
бар буржуй безген,
Біздей бұрын олардан
жүрген қашып.
Күңіренген тұлдай
даналар артындағы
Ере берсін
даңқ
аза марышында.
Ол, елеңім,
– ол, – күшті қатардағы жауынгердей шеп бұзған соғысуда.
Пысқырмаймын
қолаңа қыруар батпан,
Пысқырмаймын
мраморға жылтыратқан,
Бөлісерміз даңқты
біз – өзіміз.
Бәрімізге
ескерткіш
болсын ортақ
– социализм – майданда біз орнатқан!
Ұрпақтар
тіл қордасын тексер алда:
Жарамсыз шығар қалқып
сөз қалдығы;
Мысалы
«жәлеп»
«көксау»
«блокада»
Сіздер үшін
шыныққан ден саулығы
Ақын, –
көксау қақырығын
жалап қана
алды
плакат тілімен қағып тағы,
Көп жылдан табылармын ұқсап өзім –
құйрықты мақұлыққа жерден қазған.
Жолдас өмір
тезірек біз өтелік
Бес жылдықпен
– заулатып күнді қалған,
Маған
теңге жимайды
өлең жолы,
Жиһаз жимайд шеберлер
Жиһаз жинайды шеберлер
үй-ішіме
Таза жуған көйлегім болса, – болды,
Керегі жоқ
шыным сол, –
өзге ештеме!
Мен, –
алдағы жылдарда
Сәуле төккен –
Це-ка-ка-ға
Келем де
тура беттей, –
Сұғанақ
сумаңдаған
сілімтіктер, –
Бандысын ақынсынған, баса-көктей,
Бар
күллі партиялық жүз томымды
Көтерем –
большевиктік партбилеттей!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі