Өлең, жыр, ақындар

Айрылу

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 575
Тым-ақ қиын айрылысу, жас жұтқан
Енді қайтіп көріспейтін болғасын.
Жер бетінде махаббат пен достықтан
Тауып едік ғазиз жанның қазынасын.
Махаббат пен достық жібі үзілмей
Бағасы артып,
шалқыған шақ көңілің,
Шын достықтан басқа еш зат сезілмей,
Ұмыт болған жердегі өзге өмірің. –
Кенет дауыл тұрып, атса көк жасын,
Сені айырса ең сүйікті кісіңнен,
Соңғы сүйіс, соңғы тамған көз жасың
Кетпес, тегі, сенің мәңгі есіңнен.
Қанша көп ед менің құрбы, құрдасым,
Қанша көп ед менің досым, сырласым.
Қалдым жалғыз сақтап ойда тұлғасын,
Қалдым сақтан олардың тек көз жасын
Кім біледі қандай толқын үстінде,
Арпалысып тағы қалай жүзермін,
Тек, әр қашан солған жанар ішінде,
Соңғы тамған дос кез жасын сезермін.
Кеп таттым мен тұрмыс ащы-тұщысын,
Өзек үзіп жерде ауыр соғыс тұр.
Сүйістіріп, құрғат тағы көз жасын,
Достарыммен, тағдыр, мені қауыштыр.
Айлар түгіл, жылдар ауыр тіркесіп,
Содан зардап тартты менің жүрегім.
Бір минут те болса ол үшін күресіп
Өтуіме тапшы жазмыш бір ебін.

Октябрь, 1942.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек

  • 0
  • 0

Өткен күнде түн тұман,
Жүректі мұң мен қан жуған,
Хан зорлығы халқымның
Жан жүйкесін талдырған.

Толық

Қысқы кеш

  • 0
  • 0

Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.

Толық

Кәрі ағаш

  • 0
  • 0

Қанаттары қайрылып
Қара балақ кәрі ағаш,
Жапырағынан айрылып
Қалыпты тыр жалаңаш...

Толық

Қарап көріңіз