Еркем-ай /2-нұсқа/ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Еркем-ай /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2768
Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.

Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.

Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай.

Іле деймін, ендеше, Іле деймін, жан сәулем,
Өте шықсам Іледен, міне деймін, еркем-ай.

Кісі жары кісіге жар болмайды,
Өз жарыңның тілеуін тіле деймін, еркем-ай.

Ай болмаса, жұлдыз бар,
Ебін тауып келсеңші-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері