Қараторғай – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Қараторғай» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 9
  • 37917
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.

Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.


Пікірлер (9)

Дегдар

Күшті

Нұрсезім

Жаттау

жасмин

өте әдемі өлең екен

Асемай

Өте керемет өлең шумағын екен

Аяна

Керемет

Камила????( ̄へ ̄)

Караторгай ани

^_^

.............

Қараторғай

Қараторғай

Айша

Өте мағыналы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері