Маңмаңгер
Бұл бетте «Маңмаңгер» атты Ақан Сері Қорамсаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маңмаңгер, кекілің келте, жалын майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.
Оте жаксы олен
Өте жақсы
Өлең күштіекен
Өте керемет
Өте керемет
Зың
Маңмаңгер әні қандай жанрларда орындалды соны айтып жіберіңіздерші өтініш!
Маған осы олен ұнайды
Жаман
Өте керемет ән,мағынасы бар
Күшті өлең, музыка сабағыңда өттік
Керемет! Өлең жазуды берді.
Ақан Сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер» өлеңі қазақ поэзиясында терең сезім мен көркем тілдің үйлесімін көрсетеді. Өлеңде поэтикалық бейнелер мен ойдың тереңдігі оқырманға әсерлі жеткізілген. Мұндай шығармалар қазақ әдебиетін сүйетіндер үшін bilim-all.kz сайтында ерекше құнды әрі есте қаларлық материал болып табылады.
«Маңмаңгер» – қазақтың әсем әндерінің бірі. Өлең жолдары өте көркем әрі әуезді жазылған. Ақан серінің бұл шығармасында қазақтың кең даласы, сұлу тұлпарға деген сүйіспеншілік және туған елге деген сағыныш сезімі анық байқалады. Әсіресе “Ахау, туған елім, балаң едім…” деген жолдары ерекше әсер қалдырады. Осындай классикалық қазақ өлеңдері мен халық әндерін оқып, тыңдау әр адамға рухани ләззат береді.