Су ішінде метре – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Су ішінде метре» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2550
Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен.
Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен-ай.
Балалар, тіршілікте күліп-ойна.
Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,
Пәнденің кім таласар бермесіне-ай.
Балалар, тіршілікте күл де, ойна,
Мен кепіл өткен жалған келмесіне-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері