Сырымбет – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Сырымбет» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 13577
Аулым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Қарындас-ау,
Енді, есен бол-ау.

Аулым қонған Сырымбет жел жағына,
Артық туған бала едің ел бағына.
Бидайыққа лайық дейтін, сәулем,
Бөктергінің іліндің тырнағына.

Қарындас-ау,
Енді, есен бол-ау.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған,
Бешпентіңді беріп кет түймесімен.

Қарындас-ау,
Енді, есен бол-ау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері