Ақ бантик
Бұл бетте «Ақ бантик» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балауса қыз едің бір кезде
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам.
Қайырмасы
Нұрлы бейнең қандай жарқын!
Арманысың қандай жанның?
Шынарым-ай,
Сен – мөлдірсің, еркем,
Тау бұлағындай.
Жол жатыр шақырып алдыңда,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін бойжетіп қалдың ба?
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.
Қайырмасы
Жылдардың еркіне бағындың,
Жылдарға қол создың, жан құрбым.
Белгісін балалық шағыңның,
Айтшы, сен қай жерде қалдырдың?
Қайырмасы
Қысқа өлеңдерін таппай жатрм
Әндері
Өте күгті
Мәәә өте күшті!!!
Өтеее күшті💋💋💗💓💗💗💗💗💓💗💓💗🌸🌸🌼🔥🌼🌾🌾🌾🖤🪻🪻🪻🪻😍💕😍💕😍💕🌹🌹🌹🌹
Аааааа
Өте керемет🥹💓💓
Адемы ан екен керемет
Жансок олен жаксы айттыы уаууу
Маған өлеңдегі сезім мен естелік қатты ұнады.
Мухтар шахнов атамызды өлеңдері өте жақсы оларды сүиіп тыңдаитын едім әсіресе көтер кане басыңды деген анды сүиіп тыңдаитын едім Мухтар Шаханов