Ақ құсым

Бұл бетте «Ақ құсым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3311
Саған деп - айтар әнім,
күн сайын қайталадым.
Аяулы жарым - сенсің,
Бақытым,барым - сенсің.

Қайырмасы:
Сен - менің арманым, ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым, бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Әлемге әніммен жар саламын!

Сен берген бақытыңнан,
Сен берген шаттығыңнан,
Теңіздей шайқаламын,
Гүлгеболып жайқаламын.

Қайырмасы.

Сен - менің аппағымсың,
Сағынып тапқанымсың.
Сәулелі күндізімсің,
Сен - менің жұлдызымсың!

Қайырмасы:
Сен - менің арманым,ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым,бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Сен - менің сәулем-ау,таң самалым!
Сен - менің ақ Шолпан, аңсағаным,
Сәулем-ау, бір сен деп ән саламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ құсым өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ құсым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ құсым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ құсым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері