Ақ сұңқарым – Шәмші Қалдаяқов

Бұл бетте «Ақ сұңқарым» атты Шәмші Қалдаяқов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7042
Есімде гүл терген кез көктемеде,
Есті қыз ер шет көре ме!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең,
Құрбыжан, құр бекерге өкпелеме!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым,
Ақ көңіл - аяулым,
Дарқан той-базарлым,ақ сұңқарым!
Аяла гүлімді,
Ұмытпан үніңді,
Бір жырла жырыңды,ақ сұңқарым!
Аяла гүлімді,
Ұмытпан үніңді,
бір жырла жырыңды,ақ сұңқарым!
Жадыра жаздай,
Екі дос қаздай,
Жұбыңды жазбай,жақсы жар!
Тыңда да бірге,
Сында да бірге,
Шыңда да бірге, ақ сұңқар ақ сұңқар!

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан жүрек, бір өзіңе тапсырармын.
"Сіз" деген әзіл сөзден шошып қалсаң,
Сен дейін баяғыша, ақ сұңқарым!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сұңқарым өлеңінің авторы кім?

Шәмші Қалдаяқов — осы өлеңнің авторы.

Ақ сұңқарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сұңқарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмші Қалдаяқов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сұңқарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері