Сиыр айдап өріске ертеңменен

Бұл бетте «Сиыр айдап өріске ертеңменен» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы, сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген...
Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.
Сонда менің ойымда мұң бар еді,
Өзі келіп, бір күні серпер дегем
Жақын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала таңда
Тағдырымды сонда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенім жоқ алақанға...
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,
Сен тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,
Өзегімді өзің боп өртер деген
Сол тоғайға барып ем ертеңменен,
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,
Here ғана шошыдың, еркем, менен?!


Пікірлер (4)

Исаев Жандос

Қайран менің ағам ай өлеңдеріңді əр оқыған сайын жаңадан отырғандай боламын

Мұрат

Мұқағали Мақатаевтың Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңі ұнады

Айым

Мәә керемет екен

Лаура

«Сиыр айдап өріске ертеңменен» өлеңін оқып, Мұқағали Мақатаевтың табиғат пен адам тағдыры арасындағы нәзік үндестікті қалай сезіндіретінін тағы бір мәрте түсіндім. Бұл туындыда әр жол – көркемдік толғаныс пен терең ойдың тарланы: қарасаз бен шыбық, күн сәулесі мен жел тербейтін табиғат суреттері арқылы ақын өзінің ішкі күйі мен өмірлік философиясын жеткізеді.
Өлеңнің қазақ әдебиетіндегі орны ерекше, өйткені ол әр оқырманға жүрекпен оқылатын нағыз поэзиялық әсер береді.

Өлеңді жоғары бағалаймын және оны әдебиет сүйер оқырмандарға міндетті түрде оқуға кеңес етемін!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері