Таң сәріде – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Таң сәріде» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2796
Романс

Таңның желі тұрғызды
Гүлді тербеп гуілдеп.
Сал ұйқымды кім бұзды,
Желмен бірге күбірлеп?
Күбір емес нәзік ән,
Сыңсыған кім бұл маңда?
Әлде қыз ба сызылған,
Бұлбұлдай бір орманда?
Тербеп бейбіт әлемді,
Тау мұнары сырылды.
Әнмен берді сәлемді
Күнге орман сұлуы.
Тау бөленіп сәулеге,
Жарқырады ақ шынар.
Көрдім жасыл әуеде,
Дөңгеледі алтын шар.
Қатар шықса күн мен ән,
Түн ұйқыңды бұзбай ма?
Күн туарда толқыған,
Япыр-ау, сол қыз қайда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң сәріде өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Таң сәріде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң сәріде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң сәріде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері