Сүйген ерін
Бұл бетте «Сүйген ерін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 24.04.2015
- 1
- 9
- 82737
Сүйгісі келе берер сүйген ерін,
Сүй, жаным!
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын,
Ағытшы бешпетіңнің түймелерін?
Сүй, жаным!
Сүйе бергін, кім біледі...
Бір кезде еске аларсьң түнді, мені.
...Жалт етіп өте шыққан баяғыда,
Жастықтың талықсыған бір күні еді.
Ұялып, барады өтіп бұлақ - бала,
Бұйығып, үн қатпайды жылап қана.
Баланың маңдайынан сипалаған,
Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.
Тау-аталар түкситіп қабақтарын,
- Ар аттадың,- дегендей,- қарақтарым.
Сүйген жүрек қалады есеңгіреп,
Есеңгіреп, білмеппіз таң атқанын.
Сүйген ерін сүйгісі келе берер,
О, жастық! Махаббат тап, көгере бер!
Сүйгемін жоқ, өлгемін - дер едім мен,
Сүйдің бе деп сұраса менен егер...
өте керемет өлендер
Өте керемет өлең әсіресе тауға келсең
Аздап поэма жазып коям анда санде
Ия керемет ақиық деген осы екен ғой
Өте керемет өлеңдері.
Керемет! Сүйген адам ғана түсінер, өлең мәнін.
Өте керемет өлең
Тамаша ғой Тамаша
Бәлкім білген не керегін сезімге кел осы әнім сәнім кел тұр ырғағымда тербеліп..