Бұл бетте «Маяковский» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тықсырып
Әшекейшіл
Ескі жырды,
Келдің сен
Революция дауылында.
Сыпырып салып жатқан
Сырлы гүлді,
Сом сөзді.
Құйдың нөсер жауынында.
Өттің сен тар кезеңнен
Бір талмастан,
Бейне танк.
Оқ сөзді атып жауға,
Шығарып даңқ, Отанға
Зор дауыспен
Беріп жүректен ант!
Алып сөзді жетелеп
Сом - сом рифмаң.
Коммунизмге
Төтелеп —
Бар үніңмен
Шақырдың
Ақып - титан!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі