Ағамыз жатқан ақ отау

Бұл бетте «Ағамыз жатқан ақ отау» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3078
Ағамыз жатқан ақ отау
Көгілдір теңіз басында.
Жағалай орман, жасыл тау –
Қасиеттің бәрі қасында.
Құлаққа ұрған танадай,
Айнала аппақ тыныштық.
Қылығы тәтті баладай
Сәскеде болар күн ыстық.
Сол кезде қымыз толтырған
Сарқып бір тастап шараны,
Жарқырап жалан балтырлар
Теңізге түсіп барады...
Күмп берсе сонда шіркіндер,
Аспанға көбік асылар.
Рақаттың даусы – күлкілер
Сыңғырап суда шашылар.
Көңілдің мың-мың хошы кеп,
Қанағат қанға тарайды.
«Адамдар деген осы!» - деп,
Есіркеп Алтай қарайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағамыз жатқан ақ отау өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ағамыз жатқан ақ отау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағамыз жатқан ақ отау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағамыз жатқан ақ отау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері