Дүңк, дүңк еткен
Бұл бетте «Дүңк, дүңк еткен» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүңк, дүңк еткен катерлер
Дүрсіл қаққан жүрек пе?
Тіршілікті әкелер
Мынау шалғай түбекке.
Күн ұзаққа кей-кейде
Бірі өтпейді-ау тұсыңнан.
Тарылады кең кеуде
Айрылғандай туысыңнан.
Анау алыс жағалау
Жат кісідей үндемес.
Бұ жақта жоқ шағала,
Көктен-дағы тіл келмес.
Жалаңаяқ серілер,
Жалтақ-жалтақ қараймыз.
Тілеп алған серуен,
Елегзиміз қалай біз!
Сонда сонау мүйістен
Шығар қайық ойнақтап,
Бір жасаймыз біз іштен,
Қолымызды бұлғап қап.
Бейне тірлік көші кеп,
Беймазалық тарайды,
«Адам деген осы!» - деп
Тағы да Алтай қарайды...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі