Жездің сүті

Бұл бетте «Жездің сүті» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1417
Шомбал шойын ожаулар,
Сұп-сұйық оттар кілкілдеп.
Қарамай беттеп, көз аунар,
Қайтеді мынау шіркін! — деп.
Маңдайды лебі күйдіріп,
Кірпікті қарып, қайқайтып,
Тұруға бір сәт кідіріп,
Шыдамың мүлдем қалмай түк.
Ілгері-кейін жылжисың
Ойында енді өз қамың.
Танауың сезіп жез исін,
Ерінің татып жез дәмін.
Қара мұрт қазақ алысқан
Жолбарыстай жалынмен.
Жебеге мысы жабысқан,
Қарайды бізге сабырмен.
Қолында ойнап от-шыбық
Секілді алтын айдаһар,
Ұшады шоқтар осқырып,
Орын да таппай жайғасар.
Қонады кигіз қалпаққа
Шыжылдап барып, жоқ болып,
Аулақта тұрсың жалтақтап
Көрер де көзін төрт болып.
«Ал, ал!» — деген айқайдан
Жалт қарасаң оң жаққа,
Керемет қазан шалқайған
Қайнап бір тұнар сол шақта.
Бәрі де тосып қалып сәт
Алмайды көзін шүмектен,
Алдына аппақ жалын сап,
Саф таза мысың дір еткен!
Ағады сонсоң қимылсыз,
Айнымай сүттен кескіні,
Қараған адам бәрі үнсіз,
Қалт етпейді ешбірі.
Жалынды күштен тас иіп,
Сүт ағызған не ғажап,
Күледі тісі қасқиып
Манағы мұртты ер қазақ!
— Жарайсың, шебер, антұрған!
Деп, ризалық білдіріп,
Қасымызда шал тұрған,
Барды оған жүгіріп.
Қең қазанда кен бұрқап,
Жездің сүті мол тасып,
Екі кенші — екі ұрпақ
Тұрды құшақ айқасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жездің сүті өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жездің сүті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жездің сүті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жездің сүті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері