Сөз сенікі, Франция – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сөз сенікі, Франция» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1740
Франция — коммунарлар Отаны,
Таусылмаса құшағыңнан от әлі,
Ал қабылдап Лениннің інісін,
Барды саған ұлы Маркс ұрпағы.
Тарихыңды тағы да бір жаңартып,
Сол баяғы ұлылықпен қал артық.
Пролетариат өссінші бір мерейі,
Буржуйлардың сорлы кезін алартып.
Европа тағдырына таландас —
Франция бейбіт күнге қадам бас.
Ұлы елдердің тілегі бір қосылса,
Тыныштықты ешкім жаулап ала алмас
Байлауыңды айт, сөз сенікі дегенде,
Құс айналып, тұр қалықтап төбеңде,
Кәрі Париж бір өзің боп сөйлесін,
Көз жіберіп сонау тарих — тереңге.
Революция туын тұңғыш сен алдың,
Жарлап таңын асыл, нұрлы заманның.
Сол бір туды Россияда қорғады
Батырлары «Нормандия — Неманның».
Сол туыстық, достығыңды ал сына,
Сен шақырдың, құлақ түрдік дауысыңа,
Аспаныңмен жүзіп байтақ Россия
Барды бүгін ал көңілмен қасыңа!
Ол өзгедей тұңғиыққа батырмас,
Баз салам деп басыңды да қатырмас,
Мейманыңмен мейіріңді бөліс те,
Болашақтың жақсы күнін ақылдас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз сенікі, Франция өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сөз сенікі, Франция өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз сенікі, Франция өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз сенікі, Франция өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері