Қыстағы күннің қызығы-ай – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қыстағы күннің қызығы-ай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2361
Қыстағы күннің қызығы-ай,
Жалғасып ұзақ ақ таңға,
Тұрады көкте жүзіп Ай
Күн шығып келе жатқанда.
Күн шығып келе жатқанда
Кеңсеге келе жатам мен.
Жаңа бір адым аттауға
Мәңгілік ояу Отанмен.
Кеңседен келе жатам мен
Күн батып бара жатқанда,
Бірге боп елмен, Отанмен
Көңілім өсіп қайтқанда.
Алдымнан әлгі қызыл күн
Жүгіріп қарсы ап шығады.
Ол күнің — балаң — қызығың
Қыздырған сені шуағы!
Қыстағы күннің қызығы-ай,
Қиялың жиі самғайтын!
Қасында жақын жүзіп Ай,
Алдыңнан күнің танбайтын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыстағы күннің қызығы-ай өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қыстағы күннің қызығы-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыстағы күннің қызығы-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыстағы күннің қызығы-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері