Алматыға (Екінші өлең)

Бұл бетте «Алматыға (Екінші өлең)» атты Ажар Ерболған жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ей, Алматы!
Жалқы мұңның жанарындай күз келді
Астанаға... Сосын «Пушкин» бағына.
Қайта айналып келе ме екен бізге енді,
Есіл күндер еске алатын сағына.

Ей, Алматы!
«Пушкин» бағы бүгін сондай көңілсіз.
Шыныменен биылғы күз бөтен бе?
...Хат келді Одан, қала бердім тағы үнсіз,
Кім біледі, бұл да бәлкім бекер ме?..

Ей, Алматы!
Өзің жақтан жеткен хаттың жүрегі –
Сондай ыстық, күйдірді ғой жанымды.
Жалғыз жауап жазғым келді үнемі:
«Сағындым,- деп, сағындым, - деп әніңді!»...

Ей, Алматы!
Аяулысың! Бар демеймін сенде мін.
Жолдар ғой бұл – жүз қуантып, жүз сынар.
Ән-жүрегі тербететін енді Оның,
Сенің күзің ең бақытты күз шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға (Екінші өлең) өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Алматыға (Екінші өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға (Екінші өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматыға (Екінші өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері