Өлең, жыр, ақындар

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 2
  • 11
  • 64688
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен,
Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген.
Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,
Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта,
Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақта.
Қайтып бара жатыр, әне, сағыныштар-тырналар,
Ақ қайыңдар, тал, теректер... алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!
Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!
Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?
Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз...



Пікірлер (11)

куралай

әдемі керемет рахмет))

Құндызай

керемет

Мадина

кушты маган унады

Сымбат

Кішкене ұзақ өлең жоқпа??

Қарақат

керемет

Инабат

Мен мукагали окуларына катысамын

Кенжегул Калдыбайкызы

Жаксы жазылган олен.Мукагалидын барлык олендеры керемет.

Жақсы керемет

Керемет

Бибіжан

Жақсы

Амантай Айзерде

Маған қатты ұнады бұл өлең

Бегимбаев Асет

Мұқағали Мақатаевтің, Шеше сен бақыттысың! Әке мен сенің жасынды озып барамын! деген өліндері керемет жазылған.

Пікір қалдырыңыз

Дүниеге ақын келгенде

  • 0
  • 1

Дүниеге ақын келген шақта қайратты,
Шаттанды да Табиғат,
Шартарапты жайнатты,
Қайратты ақын: "Менікі!" — деп

Толық

Халыққа хат

  • 1
  • 6

Туған халқым!
Қатемді кешір менің?
Сенің арқаң сескенбей, есіргенім.
Егерде жырың болмай, ұрың болсам,

Толық

Саяхат

  • 1
  • 8

Сал-сал да күндер, сал күндер,
Балалық атты бал күндер,
Барайын баяғы ауылға,
Жоқ кімдер, я бар кімдер.

Толық

Қарап көріңіз