Сақидың тілегі

Бұл бетте «Сақидың тілегі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Сол бір жан
Маңдай тер,
Табан ақысымен тапқан
Ақшасын —
Көшеде —
Жоғалтып алды.
Өзі тас кедей еді,
Сорына
Сор артып алды.
Бірақ ол
Өкінген жоқ.
Ақшамды
Қайтара гөр деп
Аллатағалаға жалбарынып
Өтінген жоқ.
Ол жанның
Жаны жайсаң,
Санасы өткір еді...
Бар болғаны,
Ақшамды,
Ақшаға қақалған
Әлдекім емес,
Ақшаға зәру
Бір бейшара
Тауып алса екен
Деп тіледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сақидың тілегі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сақидың тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сақидың тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сақидың тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері