Бұл бетте «Аврора» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.05.2019
0
0
1349
Көрдім мен, өзімді өзім алып барып,
Қараймын аң-таң қалып, анық танып,
Қасымда тұр бәрі де кәдімгідей,
Бала жастан оқыған барлық тарих.
Қарсы бетте көк зәулім Қысқы Сарай,
Таң ілінер басына алтын арай,
«Аврораға» алаңдап содан бері
Әлі тұрған секілді қарай-қарай.
Бірақ үнсіз, тыныштық ендігі арман,
Ел есінде еңбегі мәңгі қалған,
Қарт революционер секілді «Аврора» —
Қарт Неваны жастанып демін алған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі